Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ерлер командасының көшбасшысы Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті. Бұл жеңіс оған 300 ұпай сыйлады.

Конькимен сырғанаушы осы жеңістен кейін әлемдік рейтингте 13-тен 11-ші орынға дейін көтерілді. Әрі қарай Шайдоров 1-3 қараша аралығында өтетін Франция Гран-приінде өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта әлемдік рейтингтің көшбасшысы – АҚШ өкілі Илья Малинин. Үздік үштікке Адам Сяо Хим Фа (Франция) мен Као Миура (Жапония) кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или