Үстел теннисінен ерлер құрамасы жартылай финалға шыға алмады
Үстел теннисінен Азия чемпионатында қазақстандық команда жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz
Астанада өтіп жатқан чемпионаттың ширек финалында отандастарымыз үндістандықтарға есе жіберді.
Кирилл Герасименко алғашқы ойында жеңілді. Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірді. Айдос Кенжеғұлов қарсыласынан жеңілген соң Үндістан құрамасы алға шықты.
Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Қорытынды есеп 0:3, қарсыластың пайдасына шешілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или