Қазақстан күрес федерациясы қазақстандықтарға үн қатты

Қазақстан күрес федерациясы қазақстандықтарға үн қатты

Албанияда өтетін әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан күрес федерациясы қазақстандықтарға үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті отандастар, біздің спорт түрін сүйетіндер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен пікір көшбасшылары!Өкінішке орай, соңғы уақытта біздің Федерацияның қызметі, бапкерлер штабының жұмысы, командаларды құру және басқа да мәселелер бойынша шындыққа сәйкес келмейтін және жалған ақпараттар көп таралып жатыр.

Өз пікіріңізбен бөліспес бұрын, Сіздерді конструктивті диалогқа шақырғым келеді. Біздің Федерацияның есіктері және мен өзім әрқашан сіздер мен сіздердің ақпараттық сауалдарыңыз үшін ашықпын. Кез келген, сіздерге даулы болып көрінген жағдайға қатысты бізден толық жауап алуға әрдайым мүмкіндік бар.

Кері жағдайда Федерация жалған ақпарат тарату, Федерацияның, біздің бапкерлердің, спортшылардың және төрешілердің абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын жалған деректерді тарату, сондай-ақ ұлттық және рулық алауыздықты қоздыру фактілері бойынша құзырлы органдарға жүгінуге мәжбүр болады», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или