Лионель Месси мен Луис Суарес үздіктердің қатарында

Лионель Месси мен Луис Суарес үздіктердің қатарында

МЛС маусым үздіктерін анықтайды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Лиганың ресми сайтында «Маусымның үздік ойыншысы» атағына үміткер 34 футболшының тізімі жарияланды. 

Олардың арасында Месси, Суарес, Рики Пуч, Кристиан Бентеке, Роман Бюрки және Факундо Торрес бар.

Тізімге алаңда кемі 1000 минут өткізген ойыншылар ғана енді.

Дауыс беру кезеңі 21 қазанға дейін жалғасады. Бұған лига футболшылары, лига қызметкерлері және лиганың БАҚ өкілдері атсалысады.

Одан бөлек «Үздік қақпашы», «Үздік бапкер», «Үздік жас ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік камбэк» және «Жаңа ойыншы» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или