Максим Самородов «Ахматтың» қыркүйек айындағы үздік ойыншысы деп танылды
Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов «Ахматтың» қыркүйек айындағы (жанкүйерлердің пікірі бойынша) үздік ойыншысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қыркүйек айында команда төрт матч өткізді - әр ойыннан кейін клубтың Telegram арнасында алдыңғы матчтың үздік ойыншысын анықтау үшін сауалнама жүргізілді.
Жиналған ұпайларды есептеу нәтижесінде Максим Самородов ең көп ұпай жинады – 13 (ол екі рет матчтың үздік ойыншысы болып таңдалды және бір рет екінші орын алды).
Қыркүйек айында қазақстандық шабуылшы «Ахмат» сапында 5 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или