Футболдан әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері қайтыс болды
Нидерланд құрамасының бұрынғы футболшысы Йохан Нескенс 73 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Voetbal International басылымының мәліметінше, Нескенс жексенбі күні Алжирде Корольдік Нидерланд футбол одағының атынан қатысқан іс-шара барысында өзін нашар сезінген.
Ұлттық құрама сапында Нескенс екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1974, 1978) және 1976 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ол "қызғылт сарылар" құрамында 49 матч өткізіп, 17 гол соққан.
Жартылай қорғаушы ретінде ойнаған Нескенс «Аякс» командасымен бірге үш рет Чемпиондар кубогын жеңіп алған. Ал «Барселона» сапында Испания кубогы мен Кубок иегерлерінің кубогында топ жарған.
Ойыншы ретінде мансабын аяқтаған соң Нескенс көптеген жыл бойы кәсіби футболда жаттықтырушы ретінде жұмыс істеді. 1990 жылдардың соңында ол Гус Хиддинк пен Франк Райкаардтың Нидерланд құрамасындағы көмекшісі болды. Кейінірек Нескенс Хиддинкпен Австралия құрамасында жұмыс істеп, Райкаардтың «Барселона» мен «Галатасарайдағы» оң қолы болды.