Ресейлік спортшы Испаниядағы триатлон кезінде суға батып кетті
Ironman Калелья-Барселона (Испания) триатлоны кезінде ресейлік спортшы суға батып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mundo Deportivo мәліметінше, оқиға жексенбі, 6 қазан күні болған.
41 жастағы ресейлік әйелдің денесі жарыс басталғаннан кейін көп ұзамай судан табылды. Медициналық топ спортшыны реанимациялауға тырысты, бірақ ол жедел жәрдем көлігінде ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Спортшының өліміне қатысты тергеу басталды. Өлімнің алдын ала себебі – жазатайым оқиға.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или