MLS көрермен саны бойынша рекорд жаңартты

MLS футбол лигасы 2024 жылғы маусымдағы матчарға келген көрермендер саны бойынша рекорд жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лиганың баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл стадионда матчтарды 11 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Бұған дейінгі рекорд 2023 жылы орнатылып, 10,9 миллион адамды құраған болатын.
MLS 2024 маусымының аяқталуына әлі 16 матч бар.
2024 жылы MLS ойындарына келушілердің орта саны 23 мыңнан астам көрерменді құрады.
Лигадағы жанкүйерлер ең көп келген матч «Атланта» (орта есеппен 49 мыңнан астам адам) мен «Шарлотт» (35 мыңнан астам) болды. Ең нашар көрсеткіш «Колорадо» (15 мың) мен «Хьюстон Динамода» (16 мың).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или