Аустрия құрамасының Қазақстанға қарсы жоспары белгілі болды

Аустрия құрамасының Қазақстанға қарсы жоспары белгілі болды

Аустрия құрамасының Қазақстанға қарсы жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Аустрия құрамасының спорттық директоры Петер Шеттель Қазақстан және Норвегия құрамаларына қарсы кездесулер жайлы ойын айтты.

«Біз бұл матчтарда қыркүйектегі ойындардан көрі жақсырақ өнер көрсете алатынымызды білеміз. Еуропа біріншілігі секілді ірі жарыстардан кейін жоғары деңгейді ұстап тұру әрине қиын, бірақ бұл тек біздің басымыздан өтіп жатқан жағдай емес. Бастысы бірінші бәсекені ұтып алып, содан кейін екіншісіне ауысу керек. Мұндай матчтарда біраз қиындықтарға тап болғанымыз рас. Оған қарсы тұруға байланысты нақты жоспар керек. Жетістік әкелетін стилімізді ұстанған жөн», - деді Аустрия құрамасының спорттық директоры.

Қазақстан құрамасы 10-қазанда сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Бұл бәсеке Линц қаласында өтеді. Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшылар Ұлттар Лигасының алғашқы екі турында бір ұпай жинап, өз тобының соңғы орнына жайғасты. Біздің команда Норвегиямен (0:0) және Cловениямен (3:0) ойнаған болатын.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или