Шушеначевтің командасы 5:0 есебімен жеңіске жетті

Футболдан Ресей ұлттық лигасының (ФНЛ) 13-ші турындағы ойында «Сочи» өз алаңында «Чайканы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 5:0 есебімен сочиліктердің жеңісімен аяқталды. Голдарды Владимир Писарский (6-минут), Мартин Крамарич (38-ші), Павел Мелешин (79-шы), Руслан Магал (82-) және Кирилл Кравцов (84-ші) соқты. Қазақстандық «Сочи» шабуылшысы Артур Шушеначев қосалқы құрамда қалды.
Жақын күндері Шушеначев Ұлттар лигасының матчтарына қатысу үшін Қазақстан құрамасының орналасқан жеріне келеді деп күтілуде. Қазанның 10-нан 11-іне қараған түні Қазақстан сырт алаңда Австриямен ойнайды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или