Қазақстандық шабуылшы Беларусь чемпионатында бірегей жетістікке қол жеткізді

Борисовтық БАТЭ командасының 26 жастағы қазақстандық шабуылшысы Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатында қосалқы құрамнан шыққаннан кейін 7 гол соққан шетелдіктер арасында бірінші болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
БАТЭ-ге сырт алаңда Славияны жеңген (3:2) Оралхан Өміртаев Максим Скавыштың қазіргі Беларусь чемпионатының басты «джокері» атағы үшін бәсекелесі.
Оның да Скавыш сияқты қосалқы құрамға шыққаннан кейін соққан 7 голы бар. Ал «гол+пас» жүйесі бойынша, қосалқы құраммен шыққан ойыншылар арасында Өміртаев барлығынан озып кетті. Қазақстандық шабуылшының еншісінде 8 (7+1) ұпай.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или