Қазақстан Кубогының кезеңінде Ислам Сатпаев пен Арина Алтухова топ жарды
Астана қаласында пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан Кубогының 3-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екі күн бойы 10 метрден винтовкамен оқ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы бәсеке өтті. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Ислам Сатпаев финалда ешкімге дес берген жоқ. Оның еншісінде 249.9 ұпай. Күміс жүлде Алматы қаласының тағы бір мергені Алексей Клейменовте. Үшінші сатыға Ринат Казаченко көтерілді.
4-орын Даниал Ілесбек
5-орын Никита Шахторин
6-орын Матвей Тимофеев
7-орын Руслан Загитов
8-орын Иршат Авхадиев
Әйелдер арасында Арина Алтухова ерекше мергендігімен көзге түсіп, 1-сатыға көтерілді (251.6 ұпай). Екінші орынға Алина Сатпаева ие болса, қоланы Софья Малкина түйіндеді.
4-орын Елизавета Безрукова
5-орын Анастасия Григорьева
6-орын Александра Ле
7-орын София Шульженко
8-орын Елизавета Титова
Ертең спортшылар аралас жұптық сында жүлдеге таласады.