UFC 307: Алекс Перейра мен Халил Раунтри жартылай ауыр салмақтағы титулды сарапқа салады

UFC 307: Алекс Перейра мен Халил Раунтри жартылай ауыр салмақтағы титулды сарапқа салады

5 қазаннан 6 қазанға қараған түні Солт-Лейк-Ситидегі (Юта штаты) Vivint Arenа-да аралас жекпе-жектен UFC 307 турнирі өтеді: Pereira vs Rountree Jr. Бұл жекпе-жек шоуын көптеген ММА жанкүйері асыға күтіп жүр. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы WIN промокодын ұсынып отыр, оның көмегімен ойыншылар шотын 5000 немесе одан да көп сомаға толтырған кезде нақты ақша түрінде 5 000 теңге алады.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы белбеуі сарапқа салынады, онда промоушеннің қазіргі чемпионы бразилиялық Алекс Перейра мен ұйымның орта салмақтағы бұрынғы чемпионы америкалық Халил Раунтримен кездеседі, ол жартылай ауыр салмақ дивизионының рейтингінде сегізінші орында тұр. Бұл жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 6 қазан, жексенбі күні таңғы сағат 9:00 шамасында басталады. Қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлері үшін бұл жекпе-жектің қызығы мол, өйткені қазір промоушеннің жартылай ауыр салмақ дивионында Қазақстан өкілі бар: Дияр Нұрғожай 2 қазанда өткен Dana White's Contender Series 2024 іріктеу турнирінде польшалық Бартош Шевчикті нокаутқа түсіріп, лигаға жолдама алды. 

37 жастағы Перейра – бұрынғы кикбоксшы, орта және жартылай ауыр салмақта Glory лигасының чемпионы. ММА бойынша оның рекорды 11-2, UFC-дегі 9 жекпе-жегінің 8-інде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңіліске ұшырады - орта салмақтағы титулды жекпе-жекте нигериялық Исраэль Адесаньяға есе жіберген. Бразилиялықтан жеңілгендер қатарында – Қазақстан турмасы Андреас Михайлидис, Шон Стрикленд, Бруно Силва, жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы UFC чемпиондары Ян Блахович, Джамаал Хилл және Иржи Прохазка (екі рет), сондай-ақ жоғарыда атаған Адесаньяның өзі бар.

34 жастағы Раунтридің (ММА-да 13-5, 9-4). Муай-тай спортынан шыққан, UFC қамқорлығымен ашылған америкалық The Ultimate Fighter спорттық реалити-шоуынан шыққан. Әлемдегі ең үздік аралас жекпе-жек промушенінде Халил төрт рет – Гекхан Саки, Карл Роберсон, Крис Докас және Энтони Смитті жеңгені үшін «Кеш жекпе-жегі» бонусымен марапатталған. Ол қатарынан бес рет жеңіске жетіп келеді, оның төртеуі мерзімінен бұрын. Раунтри нокаут саны бойынша UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы тарихында үшінші (7) және нокдаундар саны бойынша үшінші орында (13) тұр. Сондай-ақ ол бір жекпе-жектегі нокдаундар саны бойынша ұйымның жартылай ауыр салмақтағы рекордшысы (Эрик Андерспен жекпе-жекте 4 рет).

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл кездесуде Алекс Перейраны фаворит санап отыр, оның жеңісіне  1.20, Халил Роунтридің жеңісіне  4.60 және тең нәтижеге  60.00 коэффициент ұсынады.

Қос файтердің бірі 5 раундтың ішінде нокаутпен, техникалық нокаутпен немесе қарсыласының дисквалификациясына байланысты (KO/TKO/DQ) жеңеді деген Tennisi.kz 30.00 коэффициент береді.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ең қызықты спорт жаңалықтарын Prosports.kz Telegram-арнасынан оқыңыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или