Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Сеулдегі әлем кубогында 2-орын алды
Қазақстандық спортшы Сеулдегі турнирде үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдені еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл туралы kazclimbing Instagram парақшасы хабарлады.
Отандасымыз іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 6-орынға табан тіреді. Осылайша Әмір 1/8 финалға жолдама алды. Ол алғашқы айналымда Тайланд спортшысын қапы қалдырса, 1/4 финалда 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы АҚШ спортшысын жеңді.
Ал, 1/2 финалда әлем чемпионы Маттео Цурлониден басым түсті. Шешуші сында Маймұратов Қытайдан келген қарсыласына есе жіберіп, 2-орынға ие болды.
Қазақстандық спортшының аталған турнирдегі ең үздік көрсеткіші – 5,1 секунд.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или