Марадонаның сүйегін қайта қазып алатын болды

Марадонаның сүйегін қайта қазып алатын болды

Аргентина елінің астанасы Буэнос-Айресте әйгілі футболшы Диего Марадонаға арналған кесене салынады. Құрылысы аяқталғаннан кейін футболшыны осында көшіріп жерлейтін болады, – деп хабарлайды Clarin басылымы.

Кесене құрылысы 2025 жылы Буэнос-Айрестің Пуэрто-Мадеро ауданында басталады деп жоспарланған. Марадона жерленген Белья-Виста зиратынан оның сүйегін қазып алып, кесенеге көшіруге сот рұқсат берген. Кесене президент сарайының маңында орналасатын болады.

Диего Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасында қайтыс болды. 1986 жылғы әлем чемпионы жүрек талмасынан көз жұмған еді. Сонымен қатар Марадона өліміне себепкер болды деген айыппен (жұмысына селқостық танытқаны үшін) сегіз медицина қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: msports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или