Қазақстанда 12 мыңға жуық ауыл баласы қатысатын ауқымды жоба басталады
Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған AUYLSPORT жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Таныстырылымға еліміздің спорт саласындағы мақтанышы, танымал спортшылар, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев және Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және өзге де спортшылар қатысты.
Атап өту керек, жоба аясында 6 спорт түрін қамтуды көзделуде. Олар: бокс, күрес, каратэ, баскетбол, волейбол, шахмат.
Бокс, күрес және каратэ спорты бойынша аймақтық турнирлер 4 салмақ дәрежесі бойынша (40 кг дейін, 40-50 кг, 50-55 кг, 55 кг және жоғары), баскетбол және волейбол 2 жас аралығы бойынша қыздар және ұлдар (10-14 жас аралығы және 14-17 жас аралығы), шахматтан 4 жас аралығы бойынша (6-8, 8-12, 12-14, 14-тен жоғары) жүргізіледі.