Көшбасшылар өз атақтарын қорғап қалды
Астанада ел үздіктерін жинаған шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы күні сәтті аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1500 метр қашықтықта жеңімпаздармен жүлдегерлер анықталды.
Әйелдер:
1. Ольга Тихонова (Ақмола облысы)
2. Малика Ермек (Астана қаласы)
3. Алина Ажғалиева (БҚО).
Ерлер:
1. Әділ Ғалиахметов (Астана қаласы)
2. Денис Никиша (Ақмола облысы)
3. Глеб Ивченко (Қостанай облысы).
Ертеңгі күнде шорт-трекшілер 500 метрге жарыста үздіктерді анықтайды. Қазақстан чемпионатында еліміздің 10 облысынан келген 117 спортшы бақ сынауда.
Жаттықтырушылар штабы осы чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024/2025 қысқы маусымға екі құрама жасақтайды.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или