Қазақстандық дзюдошы Талғат Орынбасар Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
60 келі салмақта белдескен спортшы қола жүлдені жеңіп алды. Үшінші орынға таласта Орынбасар әзербайжандық Низами Имрановтан басым түскен.
Айта кетелік, бұл аталған чемпионаттағы Қазақстан командасының алғашғы жүлдесі.