«Құрама тарихындағы ең нашар ойындардың бірі». Кака – Аргентинадан жеңіліс туралы

«Құрама тарихындағы ең нашар ойындардың бірі». Кака – Аргентинадан жеңіліс туралы

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау Аргентинаға қарсы өткен әлем чемпионатының ширек финалындағы (1:6) жеңілістен кейінгі эмоцияларын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, бүгін өзіміз лайық нәтижені алдық. Өз деңгейімізден алыс болдық. Футзал осындай – кеше керемет болсаң, бүгін жағдай мүлдем басқаша болуы мүмкін. Ойын барысында дұрыс сөз таба алмағаным үшін жауапкершілікті толықтай өз мойныма аламын. Бүгін біздің құраманың тарихындағы ең нашар ойындардың бірі болды. Бүгін жанкүйерлерімізді қуантуға лайық болмадық. Алға жылжи береміз, өмір мұнымен бітпейді. Біздің менталитет бұл турнирде жеңіске жетуге дайын болмады», – деді Кака.

Еске салайық, кездесу аргентиналықтардың пайдасына 1:6 есебімен аяқталған елі. Қазақстан құрамасының жалғыз голын Дәурен Тұрсағұлов соққан.

Осымен бәрі бітті! Ширек финалда сүріндік

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или