Тағы бір әлем чемпионы ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады
Антуан Гризманн ресми түрде ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz
33 жастағы футболшы Франция құрамасындағы алғашқы ойынын 2014 жылы Нидерланд құрамасына қарсы өткізді.
Франция құрамасының вице-капитаны ұлттық құрама сапында 137 ойын өткізіп, 44 гол соқты және 37 нәтижелі пас авторы атанды.
Гризманн құрама сапында 2018 жылы Әлем чемпионы, ал 2021 жылы Ұлттар лигасын жеңіп алды.
Айта кетейік, жақында ғана денсаулығына байланысты Рафаэль Варан да кәсіби мансабын аяқтаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или