«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында ойсырай ұтылды
29 қыркүйекте «Молот — имени Виктора Лебедева» стадионында пермьдік «Парма» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Астана» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында «Парма» елордалық клубты 95:63 есебімен ойсырата ұтты.
«Парма» сапынан Ройс Хэмм 21 ұпай жинап, команданың үздігі атанды.
«Астананың» үздік ойыншысы Аскар Майдекин болды, ол 14 ұпай еншілеп, бір нәтижелі пас берді. Қазақстандық клуб сапында Ти Джей Старкс пен Джеймс Мюррэй-Бойлс 13 ұпайдан жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или