Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді
Астанада 7-12 қазан аралығында грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 1800-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионат барлық жас топтары – U15, U17, U20, ересектер мен ардагерлер арасында Grappling және Grappling Gi бойынша өтеді.
«Грэпплинг қазір бұқаралық спортқа айналды. Ол әлемдегі ең көне беделді спорт ұйымдарының бірі болып саналатын және халықаралық олимпиада комитеті мойындаған United World Wrestling халықаралық күрес федерациясының қолдауымен дамып келеді», – деді ҚР Грэпплинг Қауымдастығының президенті, ҚР грэпплингтен ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Қанат Алин.
Айта кетейік, елорда аталмыш спорт түрінен әлем чемпионатын үшінші рет өткізеді. 2018 жылы грэпплингтен әлем чемпионаты алғаш рет Астанада өтті. 2019 жылы ол – грек-рим, еркін әйелдер күресі олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионатының бағдарламасына кірді.