Аргентина құрамасының қақпашысы Колумбиямен ойыннан кейінгі әрекеті үшін жарыстан шеттетілді

Аргентина құрамасының қақпашысы Колумбиямен ойыннан кейінгі әрекеті үшін жарыстан шеттетілді

ФИФА Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинесті дисквалификациялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Эрнан Кастильо хабарлады.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Колумбиядан жеңілгеннен кейін (1:2) Мартинес камераны ұрып, оператордың қолын жаралады.

Бұл әрекеті үшін 32 жастағы аргентиналық іріктеу турниріндегі екі матчқа қатысу құқығынан айырылады.

Осылайша, Мартинес Венесуэла (10 қазан) және Боливияға (15 қазан) қарсы матчтарға қатыса алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или