«Ювентус» Поль Погбамен келісімшартты бұзуы мүмкін

«Ювентус» Поль Погбамен келісімшартты бұзуы мүмкін

Допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілген «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Поль Погба туриндік командамен келісімшартты бұзуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tuttomercatoweb хабарлағандай, «Ювентус» басшылары француз футболшысымен келісімді тоқтатуға ниетті, өйткені ойыншының дисквалификациясының жойылуы екіталай деп санайды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды.

Айта кетейік, былтыр тамызда француз жартылай қорғаушысының допинг сынамасы оң нәтиже берген болатын. 29 ақпанда допингке қарсы сот футболшыны төрт жылға спорттан шеттету туралы шешім шығарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или