Түркия құрамасының бұрынғы футболшысына шабуыл жасалды
Түркия құрамасының экс-футболшысы Серхат Акинға шабуыл жасалып, нәтижесінде оқ жарақатын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Акин 2000-2005 жылдар аралығында «Фенербахче» клубында ойнап, стамбұлдық команда сапында 179 матч өткізген. Кейіннен ол Германияның «Кельн» және «Карлсруэ» клубтарында ойнаған, ал 2006 жылы «Андерлехт» құрамында Бельгия чемпионы атанған.
«Фенербахче» клубы шабуыл жасаушыларды айыптап, Серхат Акинға тез сауығып кетуін тіледі.
«Біздің бұрынғы футболшымыз Серхат Акинға жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптаймыз. Оған тезірек сауығып кетуін тілейміз және кінәлілердің тезірек жауапқа тартылуын күтеміз», — деп мәлімдеді «Фенербахче» клубы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или