Тарих! Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жарыстан шығарды

Тарих! Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жарыстан шығарды

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстанда өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Қазақстан қазіргі әлем чемпионы Португалиямен кездесті. 

Ойынның 11-минутында Шыңғыс Есенаманов есеп ашты. Екінші таймның басында Португалия таразы басын теңестіре алды. Зики Те 21-минутта қанжығасын майлады. 

Кездесу ақырындап овертаймға жақындаған. Бірақ ойынның аяқталуына бірнеше секунд қалғанда Қазақстан жеңісті жұлып әкетті. Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2021 жылы ӘЧ жартылай финалында кеткен есені қайтарды. 

Енді қазақстандықтар ширек финалда Аргентина - Хорватия матчының жеңімпазымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или