Қазақстан ҰОК Халықаралық таеквондо федерациясының өкілдерімен кездесті

Қазақстан ҰОК Халықаралық таеквондо федерациясының өкілдерімен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Халықаралық таеквондо федерациясы (World Taekwondo) және Қазақстан таеквондо федерациясы (WT) өкілдерімен кездесу өткізді, деп  хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған кездесу пумсэ мен керугиден Астанада өткен төрешілердің халықаралық семинары  аясында ұйымдастырылды. 

Кездесуге  Қазақстан ҰОК президенті Геннадий  Головкин, ҰОК президентінің халықаралық сауалдар жөніндегі кеңесшісі  Әлімжан Ақаев, World Taekwondo маңызды өкілдері, аға директор Чонсека Ю, білім департментінің басшысы Сончула Ким, төрешілер комитетінің төрағасы Чжинхо Ким және Қазақстандық федерация басшысы Құдырет Шамиевтер қатысты.  

Тараптар Қазақстандағы олимпиадалық таеквондоны даму мәселелері мен World Taekwondo стратегиялық саясатын талқылады. Әсіресе, білікті төрешілер мен бапкерлерді дайындап, мамандар арасындағы тәжірибе алмасу ісіне ерекше көңіл бөлінді. Одан бөлек, төрешілерге арналған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бағыттары сөз болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или