Тайлақ Нұражы тәжірибелі бразилиялық спортшымен жұдырықтасады

Қытайдың қазағы Тайлақ Нұражы Қытайдың Макао қаласында өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.
Этникалық қазақ Тайлақ Нұражы кезекті жекпе-жегін Қытайдың Макао қаласында өтетін Happy elephant тұжырымында өткізеді. 12 қазан күні болатын турнирде Тайлақ (11-1) тәжірибелі бразилиялық Аллиссон Барбосаға (21-10) қарсы жекпе-жекке шығады.
Бұл жекпе-жек қандасымыз үшін аса маңызды, әрі жауапкершілігі мол болмақ. Өйткені бразилиялық жауынгер бұған дейін Тайлақтың 3 бірдей жерлес ағаларын жеңіп кеткен. Одан бөлек, UFC тұжырымына да өту мүмкіндігі осы кездесуге байланысты болмақ.
Дереккөз: Stan.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или