2024/2025 маусымындағы алғашқы Эль-Класиконың өтетін күні жарияланды

2024/2025 маусымындағы алғашқы Эль-Класиконың өтетін күні жарияланды

Футболдан Испания чемпионатының 2024/2025 маусымындағы алғашқы Эль-Класико 26 қазанға жоспарланға. Мадридтік «Реал» мен «Барселона» арасындағы 11-тур ойыны «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялықтардың алаңында өтетін қарымта ойын 2025 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Өткен маусымда ең атақты испан клубтары арасындағы екі кездесу де мадридтіктердің жеңісімен (3:2 және 2:1) аяқталды.

Испания чемпионаты осы маусымының алты турынан кейін «Барселона» 18 ұпаймен кестеде бірінші орында, «Реал Мадрид» 14 ұпаймен екінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или