Бахтиер Зайнутдинов «Аяксқа» қарсы ойнауы мүмкін

Бахтиер Зайнутдинов «Аяксқа» қарсы ойнауы мүмкін

Бахтиер Зайнутдинов «Аяксқа» қарсы ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташтың» Еуропа Лигасының бірінші турындағы кездесуіне қатысатын футболшылар тізіміне енді.


Айта кетейік, бүгін стамбулдық клуб сырт алаңда «Аякспен» жолығады. Бахтиер Зайнутдинов суперлиганың жаңа маусымында әлі өнер көрсеткен жоқ. Стамбулдық ұжымның жеті матчының үшеуінде ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне енгенімен, қазақстандық футболшы оның бірде-біреуінде төбе көрсетпеді.

Естеріңізде болса, Бахтиер Зайнутдинов 2023 жылдан бері «Бешикташта» барлығы 37 ойын өткізіп, 1 гол соқты.«Қырандар» сапындағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Футболшы стамбулдық командамен 2023/24 жылғы маусымда Түркия Кубогы, 2024/25 жылғы маусымда Түркия Суперкубогын жеңді.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или