23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды

23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды

Шымкентте дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан біріншілігі аяқталып, жалпы есептегі жеңімпаздар анықталды, деп жазады Olympic.kz. 

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы көш бастады. Аталған өңір балуандары 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған. 

Екінші орынды 2 алтынға қол жеткізген Ұлытау облысы иеленді. 

Ал үздік үштікті 1 алтын, 2 күміс және 2 қол медаль еншілеген Қызылорда облысы тұйықтап тұр. 

Алғашқы бестікке Атырау және Жетісу облысының командалары да енген.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или