Еуропа лигасы: Алғашқы турда қай ойындар назар аударамыз?

Еуропа лигасы: Алғашқы турда қай ойындар назар аударамыз?

Осы аптада Еуропа лигасы басталады. Бұл турнирдегі жүйе де Чемпиондар лигасындағы жүйеге ұқсайды. Осы материалда бүгінгі ойындарға шолу жасаймыз. 

Сонымен, Еуропа лигасының жалпы кезеңінің бірінші туры басталады. 25 және 26 қыркүйекте барлығы 18 ойынды тамашалаймыз. Ойындар Қазақстан уақытымен 21:45 пен 00:00-де басталады. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы жеребе тарту рәсімінен кейін Еуропа лигасының жеңімпазына коэффиценттерді жариялады. Осылайша, турнирдің басты фавориттері – британдықтар. Турнирде «Тоттенхэмнің» жеңісі 5,50, ал «Манчестер Юнайтедтікі» 6,50-ге бағаланып отыр. Одан кейінгі ықтималдық бойынша «Рома» мен «Атлетик Бильбао» 11.00 коэффициентпен. 

Осы сәрсенбі мен бейсенбіде көруге болатын бірнеше матчты атап өтейік. Біріншісі «Манчестер Юнайтед» - «Твенте» матчы. Ағылшындар 2024/2025 маусымды сәтсіз бастады. Эрик Тен Хагтың командасы бес турдан кейін бар болғаны 7 ұпаймен он бірінші орында тұр. «Твенте» Нидерланды чемпионатында төртінші орынға жайғасқан. 

Назар аударуға тұратын екінші матч – «Галатасарай» мен ПАОК текетіресі. Ойын Стамбулда өтеді.  Екі команда да өз чемпионаттарында жеңіліс көрмеген. Түркиялықтар ішкі біріншілікте ұпайдан шашау шығармай келеді. Команда өткен турда Моуриньоның «Фенербахчесін» тізе бүктірді. ПАОК та Грекия біріншілігінде көш басында тұр. 

«Ницца» - «Реала Сосьедад»  - біз назар аударатын үшінші матч.  Соңғы турда «Ницца» клуб тарихындағы ең ірі жеңісі бойынша өзінің рекордын қайталады - «Сент-Этьенді» 8:0 есебімен жеңді. «Реал Сосьедад» 2024/25 маусымында жеті ойында бір рет жеңіске жетті. Ал егер «Реал Мадридке» қарсы жеңіске сену қиын болса, «Райо Вальекано», «Алавес» немесе «Мальорка» клубтарына қарсы матчтарда ұпайсыз қалуды түсіндіру қиын. Баск клубының еуромаусымға қалай кіретіні қызық жұмбақ.

«Фенербахче» мен белгиялық «Юнион» арасындағы ойын да қызық болуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, түрік командасын аты аңызға айналған Жозе Моуриньо жаттықтырады. Басты міндет - команданы Чемпиондар лигасына шығару еді. Бірақ іріктеуден өте алмады – «Лилльге» қарсы кездесу француздардың жеңісімен аяқталды. Түріктер ішкі біріншілікте екінші орында тұр. «Юнион» командасы  Бельгия чемпионатында он екінші орында тұр. 

Біз атап өтетін бесінші және соңғы матч – Римдегі «Рома» мен «Атлетик» арасындағы текетірес. «Рома» маусымның басында өзгерістерге ұшырады - бапкер Де Росси кетті. Жанкүйерлер Рим аңызынан үлкен үміт күтті, бірақ басшылық шыдамдылық танытқысы келмеді. Төрт ойында алған үш ұпай көңіл көншітпейді. Бас бапкер қызметіне бүкіл бапкерлік мансабын Италияда өткізген хорват Иван Юрич шақырылды.

«Атлетик» маусымды сәтсіз бастағанымен, кейін көш түзеп алды. Қазір Ла Лигада үшінші орында. 

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл матчта «Романың» жеңісіне 2,04, тең ойынға 3,28 және «Атлетиктің» ұтысына 3,84 коэффициент ұсынады.

Осы маусымда «Атлетик» қатысқан барлық матчтарда төрешілер бірінші таймда кем дегенде бір сары қағаз көрсетті. «Романың» осындай статистикасы бар – бес ойынның төртеуі алғашқы 45 минутта сары қағазға ие болды. Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Бірінші таймда кемі екі сары қағаз көрсетіледі» деген нәтижеге 1,75 коэффициент ұсынып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или