Зиданның ұлдары өзіндей болмай жүр

Зиданның ұлдары өзіндей болмай жүр

Зинедин Зиданның үлкен ұлы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

2023 жылдан бері клубсыз жүрген Энцо Зидан мансабына нүкте қойғанды жөн деп тапқан екен.

29 жастағы франциялықтың соңғы клубы «Фуэнлабрада» болды. Оған дейін «Реал», «Алавес», «Лозанна», «Райо Махадаонда», «Авеш», «Альмерия» және «Родезде» ойнаған еді.

Қалған үш ұлы әзірге әкесінің жолын қуа бермек. 26 жастағы Люка «Гранадада» ойнайды, 22 жастағы Тео жазда «Кордобаға» ауысты, ал 18 жастағы Элиас «Бетисте» бақ сынап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или