UEFA 2 айдан кейін қатесін мойындады

UEFA 2 айдан кейін қатесін мойындады

UEFA 2 айдан кейін қатесін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz 

UEFA Еуро-2024 ширек финалындағы Германия – Испания матчында Энтони Тэйлордың қателескенін мойындады.

«Қақпаға бағытталған соққы қолға тисе, ол қатаң жазалануы қажет. Қол денеге тым жақын орналасса немесе мүлде тимесе ғана пенальти белгіленбейді. 

Бұл жағдайда қорғаушы (Кукурелья) қақпаға бағытталған соққыны денесінің көлемін ұлғайтып, қолымен тоқтатты. Сондықтан төреші пенальти белгілеуі керек еді», – делінген ұйымның құжатында.

Ол матчта Испания 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты және чемпион атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или