Кака Жаңа Зеландияға қарсы матч туралы пікірін айтты
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Жаңа Зеландияны жеңген ойын (10:0) туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Нәтижеге көңілім толмайды. Иә, 10:0 есебімен жеңдік. Алайда кемі 15 гол соғатын мүмкіндік болған сәтте 10 гол соғу төмен көрсеткіш. Әңгіме топтың көшбасшысы болу үшін күрестегі доп айырмашылығында емес. Тек әр сәтті тиімді пайдалануға міндеттіміз. Оның үстіне матчтың соңында Лео қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті. Жігіттеріміздің соңына дейін жан алысып-беріскеніне сөзім жоқ. Тек қорытынды есепке қанағаттанбаймын», - деді бапкер.
Айта кетейік, Қазақстан құрамы Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне екінші орыннан шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или