Клубтар арасында гандболдан АЧ: «Қайсар» Өзбекстан командасын тас-талқан етті

Клубтар арасында гандболдан АЧ: «Қайсар» Өзбекстан командасын тас-талқан етті

Алматыда әйелдер клубтары арасында гандболдан VII Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл турнирде Қазақстан намысын екі клуб қорғап жатыр: «Достық» (Алматы) және «Қайсар» (Қызылорда).

Бүгін Қызылорда командасы өнер көрсетті. «Қайсардың» алғашқы қарсыласы «Узбечка» (Өзбекстан) клубы болды. Кездесу 40:19 есебімен қазақстандық гандболшылардың сенімді жеңісімен аяқталды.

Чемпионатқа Кувейт, Үндістан және Өзбекстан клубтары қатысып жатыр. Жарыс 29 қыркүйекте аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или