«Челсидің» бұрынғы шабуылшысы 39 жасында карьерасын қайта бастады

«Челсидің» бұрынғы шабуылшысы 39 жасында карьерасын қайта бастады

«Челси» мен Кот-д'Ивуар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Саломон Калу 39 жасында карьерасын қайта бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Калу «Стэмфорд Бриджде» алты жыл өткізіп, 254 ойында 60 гол соққан болатын. Клубпен ол Чемпиондар лигасын, АПЛ, төрт Англия кубогын және Лига кубогын жеңіп алған еді. Ол сонымен қатар «Фейеноорд», «Лилль», «Герта» және «Ботафого» командаларында ойнаған. Екі жыл бұрын күтпеген жерден ол «Арта Солар 7» клубына ауысып кеткен болатын.

«Арта Солар 7» басқарма төрағасы Томми Тайоро Никосс қыркүйек айының басында «СК Ганьоаны» басшысы болып және Калуды командаға директор және ойыншы ретінде қосылуға көндірді. Клуб өткен маусымның қорытындысы бойынша Кот-д'Ивуар лигасының Бірінші дивизионынан ұшып кеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или