Қазақстан немесе Испания? Футзалдан әлем чемпионатының D тобында кім бірінші орын алады?
21 қыркүйек, сенбі күні Өзбекстандағы футзалдан әлем чемпионатының D тобындағы финалдық ойындар өтеді. Бұл квартетті төрт құраманың да плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндігі бар, бірақ мүмкіндік тең емес.
Ташкентте Қазақстан мен Жаңа Зеландия, Әндіжанда Испания мен Ливия кездесуі бір уақытта сағатта, 17:30-да басталады. Қазақстан мен Испанияның айқын фаворит екені анық. Дегенмен, тағы бір интрига бар - екі фавориттің қайсысы топта бірінші орын алады.
Топ жеңімпазы өз тобында үшінші орын алған құраманың бірімен ойнайды. Ал екінші орын алған команда Е тобының ең үздігіне тап болады, онда қазіргі әлем чемпионы Португалия немесе соңғы үш Африка чемпионатының жүлдегері Мароккомен кездесуі мүмкін. Алдымен біздің тобымызда бәрі қалай аяқталатынын анықтап алғымыз келеді.
Айта кетейік, Испания мен Қазақстан құрамасының ұпайы бірдей – әрқайсысында 4 ұпайдан бар, алайда доп айырмасында парық бар. Пиренейлер басымдылыққа ие – +3. Демек Кака командасы Жаңа Зеландиямен матчта тек қана жеңіске жетіп қоймай, көп гол соғуы керек. Ең қызығы, Ливия құрамасы да топ жеңімпазы атануы мүмкін – егер Испания ұтылып, Қазақстан жеңіске жете алмаса. Мұхит елі өкілінің де үшінші орынмен 1/8 финалға шығуға теориялық мүмкіндігі бар. Ол үшін әрине, Кака шәкірттерін жеңу керек, мүмкін болса, айқын басымдылықпен. Бірақ, әділін айтқанда, мұның мүмкіндігі аз.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы Қазақстан құрамасының фора – 8,5 жеңісіне 1.95, ал Жаңа Зеландия құрамасының фора 8.5 мүмкіндігіне 1.75 коэффициент ұсынып отыр. Сондай-ақ жалпы гол соны 10.5 көп дегенге - 1.85 коэффициент.
Ливия мен Испания арасындағы кездесуге келсек, Испанияның жеңісіне - 1.08, тең ойынға 10.00, ал Ливияның жеңісіне - 19.00 коэффициент берген. Ливияның фора 4.5 мүмкіндігіне - 1.99 коэффициент, ал Испанияның фора 4.5 жеңісіне - 1.73 коэффициент ұсынады.
Жалпы, футзал жанкүйерлерін өте қызықты кеш күтіп тұр, бұл кеште қарсыластар үшін көп нәрсе спорттық күшке ғана емес, сәттілік пен математикалық есептеулерге де байланысты болады
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.