«Бешикташ» Зайнутдиновтың клубтағы тағдырын шешті

«Бешикташ» Зайнутдиновтың клубтағы тағдырын шешті

Түркияның Ensonhaber.com басылымы «Бешикташ» клубының қысқы трансфер терезесінде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновпен қоштасуды жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Камерундық Жан Онана мен ағылшын Алекс Окслейд-Чемберленді де дәл осындай тағдыр күтіп тұр.

«Бұл үш ойыншыны 2025 жылдың басында аралық трансфер кезеңінде сатуға күш салынады», - деп жазады дереккөз.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдинов жаңа маусымда «Бешиктастың» жеті ресми матчының ешқайсысында алаңға шыққан жоқ. Бұған дейін «Бешиктастың» бас бапкері Джованни ван Бронхорст қазақстандықты өз командасында көрмейтінін айтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или