Ливия - Қазақстан: Құрама әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісін тіркей ме?

Ливия - Қазақстан: Құрама әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісін тіркей ме?

18 қыркүйек күні футзалдан әлем чемпионатындағы екінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кака шәкірттері D тобындағы бірінші ойында Испания құрамасымен 1:1 тең түсті. Ливия құрамасы Жаңа Зеландияны 3:1 есебімен тізе бүктірді. 

Бұл матчқа шабуылшы Дәурен Тұрсағұлов қатыса алмайды. 28 жастағы ойыншы Испаниямен матчта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті. Сонымен қатар, испандардың қақпасына гол соққан Біржан Оразовтың жағдайы да алаңдатады. Матч барысында өткен Еуропа біріншілігінің үздік сұрмергені бірнеше рет дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 

Ливия құрамасы - осы жылы Мараккода өткен Африка чемпионатының қола жүлдегері. Команданы испан бапкері Рикардо Инигес баптайды. Құрамадағы бірде-бір ойыншы еуропалық чемпионаттарда ойнамайды. 

Мароккодан 0:6 есебімен ұтылып, Мавритания, Намибия секілді құрамалардан өз қақпасына 4-5 доптан өткізіп жүрген қарсылас, Қазақстанды жеңіп, айдын аспаннан бір шығарамыз деп отыр. Онымен қоса, шабуылшысы Хусаму Банине Аль-Верффали Қазақстан құрамасындағы бір ойыншыны да танымаймын деді. Танымағаны, білмегені бізге жақсы. Матч барысында әбден танып қалар. 

Ливияның топтағы алғашқы матчта жеңіске жеткені бізді алаңдатпауы тиіс. Жаңа Зеландия әлем біріншілігіне дайындық барысында Ауғанстаннан, Кувейттен, Гватемаладан ұтылды. Тайланд құрамасы 8:0 есебімен тас-талқан етті. 

Букмекерлік кеңсе Tennisi.kz Қазақстанның жеңісіне 1.09, тең нәтижеге 10.50 және Ливияның жеңісіне 15.00 коэффициент ұсынып отыр. 

Қазақстан құрамасы екі таймда да жеңіске жетеді деген нәтижеге Tennisi.kz 1.49 коэффициент беріп отыр. Кака бастаған жігіттерге топтағы бірінші орын қажет. Испанияның алға жіберетін болса, 1/8 финалда Португалиямен кездесеріміз анық. Сондықтан, Қазақстан құрамасы екі таймда да қарсылас қақпасына 2-3 доптан тоғытуы тиіс. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или