Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасында өнер көрсетуде

Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасында өнер көрсетуде

Құрамамыз шахмат Олимпиадасында сынға түсуде, деп хабарлайды Prosports.kz 

Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасында (45th FIDE Chess Olympiad) ерлер және әйелдер құрамасы 6 тур ойындарын өткізді.

183 елдің қатысуымен өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы 10 ұпаймен 6-орында тұрса, ерлеріміз 8 ұпаймен 35-орында келеді.

18 қыркүйек күні сағат 18:00-де басталатын 7-турда қос командамыз Әзірбайжанмен ойнайды.

Әйелдер арасында да, ерлер арасында да Үндістан көш бастап тұр. Екі команда да алты матчта жеңіске жеткен жалғыз команда.

Барлығы 11 раунд болады - әр раундта турнир кестесінде бір-бірінің қасында тұрған команда қарсылас ретінде таңдалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или