«Реал» қорғаушысы Хабиб Нурмагомедовті «жекпе-жекке» шақырды

«Реал» қорғаушысы Хабиб Нурмагомедовті «жекпе-жекке» шақырды

«Реал Мадрид» қорғаушысы Антонио Рюдигер жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әлеуметтік желідегі жазбасына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хабиб футбол алаңындағы жаттығудан түсірілген суретін жариялаған, оған Рудигер: «Бір-бірге шеберлік байқасып көрейік, бауырым?» деп жазды.

Нурмагомедов әзілмен жауап берді: «Бірге-бі? Бұл футбол емес, ММА, абай болыңыз».

Айта кетейік,  Нурмагомедов соңғы рет 2020 жылғы қазанда UFC 254 турнирінде Джастин Гейджиге қарсы жекпе-жек өткізіп, екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Ол мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или