Қырғызстан Қазақстандағы халықаралық турнирге қатысатын құрамын жариялады
Грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасы Қазақстанда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Oil Capital Cup турнирі Атырау қаласында 17 қыркүйекте басталады.
Грек-рим күресінен турнирде 10 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қырғызстан құрамасы сапында 10 спортшы сынға түседі.
Грек-рим күресінен Қырғызстан құрамасының құрамы:
60 келіге дейін — Акыл Сулайманов және Нурмухаммед Абдуллаев
67 келіге дейін — Раззак Бейшекеев және Аманат Самат уулу
72 келіге дейін — Адилхан Нурланбеков пен Имур Темирбеков
77 келіге дейін — Ырыскелди Максатбек уулу
82 келіге дейін — Бекзат Орункул уулу
97 келіге дейін — Нурманбет Райымалы уулу
130 келіге дейін — Эрлан Манатбеков
Аға жаттықтырушылар — Арсен Эралиев және Улукбек Карачолоков.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или