Оразов Дания чемпионатындағы кезекті матчын өткізді

Орхуста футболдан Дания чемпионатының сегізінші турының ойыны өтіп, онда жергілікті «Орхус» өз алаңында «Силькеборгты» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік үштіктегі командалар арасындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 22-минутта Тони Адамсен қонақтарды алға шығарды. Алаң иелері 29-минутта Николай Поулсеннің голының арқасында есеп теңестірді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Силкеборгтың» негізгі сапында шығып, 57-минутта алаңдағы орнын босатты.
«Силькеборг» 16 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында қалды. Орхус 17 ұпаймен чемпионатта екінші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или