Испанияны тоқтаттық. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын абыройлы бастады
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатындағы жолын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбектсанның Әндіжан қаласында Кака баптайтын команда екі дүркін әлем чемпионы, жеті дүркін Еуропа чемпионы азулы Испаниямен кездесті. Матчтың жетінші секундында Біржан Оразов есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Хосе Гордильо Пино таразы басын теңестіріп кетті.
Екінші таймда командалар гол соққан жоқ.
Бұл топтағы екінші матчта Ливия құрамасы 3:1 есебімен Жаңа Зеландияны жеңді.
Келесі ойында Қазақстан Ливия құрамасымен кездеседі.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының өкілі Дәурен Тұрсағұлов алаңнан қуылды. Шабуылшы келесі матчта командаға көмектесе алмайды.
Футзал. Әлем чемпионаты. D тобы
Испания - Қазақстан - 1:1
Гол соққандар: Гордильо 17 - Оразов 1