Қазақстандық дзюдошы Загребтегі Гран-приді жеңіспен бастады
Бүгін Загребте (Хорватия) дзюдодан Гран-при сериясы турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы күні Қазақстан атынан Ақерке Рамазанов қатысты. 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол жергілікті дзюдошы Марселина Вранжесті жеңіп, 1/8 финалға шықты.
Екінші айналымда Ақерке Рамазанова Франция өкілі Корали Хаймемен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Гран-при алтын жүлдесін қазақстандық дзюдошылар Шерзод Довлатов пен Жанарыс Рахметқали жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или