Жас қазақстандық Дэвис кубогында даниялық теннисшіні жеңді

Жас қазақстандық Дэвис кубогында даниялық теннисшіні жеңді

Қазақстандық жас теннисші Бейбіт Жұқаев Дэвис кубогының бірінші дүниежүзілік тобында Дания құрамасымен елге алғашқы жеңісін әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 жастағы теннисші Филипп Хьортқа қарсы кездесу өткізді. Кездесу 3-6, 6-4, 10-8 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды.

Бұл жеңіс ештеңеге әсер етпейді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2025 жылдың ақпан айында өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынайтын Данияға қарсы үш ойында жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или