О’Мэлли – Двалишвили: UFC 306 турнирінің басты жекпе-жегі қалай аяқталады?
Жексенбіде, 15 қыркүйек күні таңертең UFC 306 турнирінде күздің ең қызық жекпе-жектерінің бірі өтеді, онда жеңіл салмақтағы чемпион Шон О'Мэлли титулын рейтингтің бірінші нөмірі Мераб Двалишвилиге қарсы қорғайды, деп жазады Prosports.kz.
О'Мэлли 2023 жылдың тамызында чемпиондық титулды иемденген еді. Ол екінші раундта чемпион Алджамейн Стерлингті күтпеген жерден жеңіп кеткен еді. Кейін ол эквадорлық Марлон Вераны жеңіп, чемпиондық титулы кездейсоқ келмегенін дәлелдеп, жеңіл салмақтың жаңа жұлдызына айналды. Енді оған дивизиондағы ең ыңғайсыз қарсыластардың бірі, "Машина" лақап атымен танымал Мераб Двалишвили қарсы тұрады.
Грузиннің лақап аты оның керемет кардиосына байланысты, ол 10 жекпе-жек қатарынан жеңіліс көрмей келеді. Титулдық жекпе-жекке жету жолында Мераб Петр Ян, Жозе Альдо және жақында қайта оралған Генри Сехудо сияқты танымал спортшыларды жеңді. Двалишвилиді жарқын спортшылар қатарына жатқызу қиын, бірақ оның прагматизмі мен күресу шеберлігі – ең басты артықшылықтарының бірі.
ММА сарапшыларының пікірінше, алдағы жекпе-жек екі қарсыласқа да үлкен сынақ болмақ. Бұл жекпе-жек керемет шоуға немесе сегізтордағы күрделі шахмат партиясына айналуы мүмкін, оның нәтижесін кішкентай қателік шешуі ықтимал. Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл жекпе-жекте анық фаворитті көрмей, О'Мэллидің жеңісіне 1.82, ал Двалишвилидің жеңісіне 2.07 коэффициент ұсынады. Тең түседі дегенге – 50.0.
Лас-Вегастағы кештің тағы бір басты жекпе-жегінде қырғызстандық Валентина Шевченко Алекс Грассоны жеңуге үшінші рет тысырысады және жеңіл салмақтағы чемпиондық титулды алуды жоспарлап отыр.
UFC 306 турниріндегі тағы бір ірі жекпе-жек жартылай жеңіл салмақтағы америкалық Диего Лопес пен бразилиялық Брайан Ортега арасында өтеді. Сарапшылар Лопестің жеңісін 1.50, ал Ортеганың жеңісін 2.70 деп бағалайды. Тең түседі десеңіз – 55.0.
Кештің қалған файткарды мынадай:
Даниэль Целльхубер — Эстебан Рибович;
Рональдо Родригес — Оде Осборн;
Рауль Росас — Цилэн Аожи;
Ирене Альдана — Норма Дюмон;
Мануэль Торрес — Игнасио Бахамондес;
Эдгар Чайрес — Кевин Борхас;
Ясмин Хауреги — Кетлен Соуза.
Спорт оқиғаларына ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайты мен мобильді қосымшасынан таба аласыздар.