Дэвис кубогы: Қазақстан мен Дания арасында алғашқы матч сенсациямен аяқталды

Бүгін Қазақстанның ерлер құрамасы теннистен Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы аясында Дания командасымен кездесіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы матчта Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 27-орында тұрған Александр Бублик өнер көрсетті. Кортта ол Эльмер Мёллермен күш сынасты. Даниялық теннисші рейтингте 247-орында орналасқан.
Алғашқы сет Бубликтің пайдасына шешілді, ол кездесудің анық фавориті болған еді. Алайда қарсыласы камбэк жасап, жеңіске жетті. Ойынның нәтижесі 1:6, 6:2, 6:2 есебімен Мёллердің пайдасына аяқталды.
Осылайша, Қазақстан мен Дания арасындағы есеп – 0:1.
Бүгін сондай-ақ Қазақстанның екінші нөмірлі теннисшісі Александр Шевченко өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұл матчтың жеңімпазы 2025 жылдың ақпанында өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.