Отбасында трагедия: Эрлинг Холанд «Манчестер Ситидің» алдағы матчына қатыспауы мүмкін
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд АПЛ-дің 4-турындағы «Брентфордқа» қарсы ойында алаңға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Marca мәліметінше, футболшының жақын досы, әкесі Алфи Холандтың үйлену тойында күйеу жолдас болған Ивар Эггья өмірден озды. Норвегиялық шабуылшы бала кезден Ивармен жақын қарым-қатынаста болған және оны мансабындағы ең маңызды шараларға шақырған. Команданың бас бапкері Хосеп Гвардиола Холандқа матчқа қатыспауға рұқсат берді, алайда соңғы шешімді шабуылшының өзі қабылдайды.
«Манчестер Сити» мен «Брентфорд» арасындағы матч 14 қыркүйекте Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Биылғы маусымда Холанд барлық турнирде 4 ойын өткізіп, 7 гол соқты. 24 жастағы футболшы тамыз айының қорытындысы бойынша Англия чемпионатының үздік ойыншысы атанған еді.